Астанада бойжеткен кафеден өзгенің тонын киіп кетіп қалған (видео)
Астанадағы «Astana Mall» сауда-ойын сауық орталығындағы кафелердің бірінде бойжеткен өзгенің тонын киіп кетіп қалған.
Оқиғаның видеосы «Астана – Что? Где? Когда?» тобында жарияланды.
«Сары жемпір киген бойжеткен өзгенің тонын киіп, сыртқа шығып кетеді. Тон иесі оны қателесіп киіп кеткн шығар деп, кафе жабылатын уақытқа дейін күтеді. Оны танығандар болса, хабар берулеріңізді сұраймын», – деп жазылған желіде.
«Іздеу барысында полицейлер бойжеткеннің жеке тұлғасын анықтады. Қыздың айтуынша, ол Алматы тұрғыны. Тонды иесіне қайтарды. Астанаға қонаққа келген екен. Ол тонды өзінікімен шатастырғанын айтқан», – деп мәлімдеді елордалық ІІД-ның баспасөз хатшысы Софья Қылышбекова.
Видеодан өзін таныған бойжеткен видеоны өшіретін болса, тонды қайтаруға дайын екенін айтқан.
«Бәріне рахмет айтамын. Хабарландыруымды бөлісіп, көмектескендеріңізге алғысымды білдіргім келеді. Бойжеткен видеодан өзін таныған бойда менімен байланысты. Тонның қалтасында менің банктік карточкам жүрген еді», – деп жазады жәбірленуші Facebook желісінде.
Жіберіп алмаңыз:
Шымкентте құны 10 миллион теңге тұратын көкпар жылқысы ұрланды
Оралда көлік үйдің қабырғасын бұзып, қонақ бөлмеге дейін кіріп кеткен (видео)
Алматы тұрғыны әпкесінің өлімі туралы жалған куәлік жасатып, пәтерін иемденіп алған
Марқұм ұлының еміне жиналған 7 млн теңгені анасы өзге науқастарға таратып берді