Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада әлемдік жеңіл атлетика жұлдыздарының қатысуымен турнир өтеді

27 қаңтарда Астанада жеңіл атлетикадан  World Indoor Tour Gold - Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes турнирі өтеді. Турнирге 45 елден Олимпиада чемпиондары, әлем рекордшылары, атақты спортшылар келеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сурет pexels-тен

Елорда әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл турнирге жыл сайын әлемнің ең үздік спортшыларын жиналады.

Турнирге Токио Олимпиадасы мен әлем, Еуропа чемпиондары, әлемнің 12 дүркін рекордшысы швециялық Арманд Дуплантис,  канадалық Арне де Грассе, АҚШ-тан Ниа Али, 100 метрге кедергілермен жүгіруден әлем чемпионатының алтын жүлдегері, рекордсмен нигериялық Олуватобилоба Айомиде Амусан сынды спорт жұлдыздары келеді.

Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes турнирінде мынадай жарыс түрлері жоспарланған:

Ерлерге арналған:

  • 60 метрге жүгіру 
  • 400 метрге жүгіру
  • 3000 метрге жүгіру
  • 60 метрге кедергілермен жүгіру
  • Сырықпен секіру
  • Доп лақтыру

Әйелдер үшін:

  • 60 метрге жүгіру
  • 400 метрге жүгіру
  • Миль жүгіру
  • 60 метрге кедергілермен жүгіру
  • Биік секіру
  • Ұзындыққа секіру


Жыл сайын World Indoor Tour Gold күнтізбесі әлемнің тек жеті қаласында өтеді:

  • Астана, Қазақстан (27 қаңтар 2024 ж.)
  • Острава, Чехия (30 қаңтар, 2024 ж.)
  • Бостон, АҚШ (4 ақпан, 2024 жыл)
  • Торун, Польша (6 ақпан, 2024 ж.)
  • Лиевин, Франция (2024 жылдың 10 ақпаны)
  • Нью-Йорк, АҚШ (11 ақпан 2024 ж.)
  • Мадрид, Испания (23 ақпан 2024 ж.)

Елордадағы турнирге 45 елден 136 спортшы жиналмақ. Бүкіләлемдік жеңіл атлетика талаптарына сәйкес, жүлде қоры әр сайыс бойынша кемінде 7 мың АҚШ долларын құрайды.

World Athletics Indoor Tour – 2016 жылдан бері өткізіліп келе жатқан жабық ғимараттағы жеңіл атлетика жарыстарының жыл сайынғы сериясы.

Турнир 27 қаңтар күні сағат 15:00-де басталады. Көрермендер үшін шараға кіру бір сағат бұрын ашық болады.

Талқылау