Астанада алаяқ изолятордағы адамның жақындарына "көмектесемін" деп 26 миллион теңгеге алдаған
Фото: freepik.com
Астанада есірткіні заңсыз сақтап, изоляторға қамалған азаматтың жақындарынан ақша алып, жазасын жеңілдетуге көмектесемін деген алаяқ ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық фактісі бойынша (ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы) К.-ға қатысты үкім шығарды.
“Сотталушы К. жәбірленуші А.-ның изолятордағы туысының ауырдан неғұрлым жеңіл жазаға ауыстыру мәселесін шешуге көмектесетінін айтқан. Оның туысы аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды заңсыз сақтау фактісі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Оның тергеу изоляторына қамалғанын біліп, сотталушы К. полиция қызметкерлерінің арасында іс жүзінде таныстары жоқ бола тұра солай айтып, алаяқтық жолымен А. және оның туыстарының 50 мың АҚШ доллары (26 миллион теңге) сомасындағы ақша қаражатын жымқырған. Осылайша, К. жәбірленушілерге аса ірі мөлшерде материалдық залал келтірген”, – делінген хабарламада.
Сотталушының кінәсі куәлардың айғақтарымен, беттестіру хаттамасымен, сот-психологиялық-филологиялық сараптаманың қорытындысымен дәлелденген.
-
Алматы облысында "Қазавтожол" қызметкері жол апатынан қаза тапқан адамның телефонын ұрлап кеткен
-
Экс-судья Жоламанова ісі: жәбірленушілер оның өтініші бойынша несие алып, қарызға батқан
“Қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп жас балалардың болуы, кінәсін мойындауы, шын жүректен өкіну танылды.
Сот үкімімен К. ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды”, – делінген сот хабарламасында.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

"Саусақтары күйіп, денесі құрысып қалды": Талдықорғанда Kaspi терминалын ұстаған баланы тоқ соқты (видео)
