Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Астанада ақшаға жарымаған жедел жәрдем жүргізушілері шу шығарды

Астананың жедел жәрдемінде үлкен жанжал! Көлікті өз ақшасына жөндеуден жалыққан бір топ жүргізуші бүгін шу шығарып, әділдік талап етті деп хабарлады КТК арнасы.

цуак

Сурет hyundai-hta.kz

Наразы топ құрал-сайман сатып алуға бюджет ақшасын бермей отырған бас дәрігердің ісіне қапалы. Қазірдің өзінде 21 машина сынып, шұғыл көмек күтіп отырған науқастарға жету қиындап кеткен.

Астанадағы жедел жәрдем жүргізушілерінің өздеріне жедел көмек қажет. Олар дерттерінің асқынып, жүйкелерінің жұқаруына жаңа басшыларын айыптап отыр. Яғни, бастық ауысқалы жұмыс уақыты артып, жалақы қысқарған. Тіпті, жедел жәрдем көлігі сынса да жүргізушілердің қалтасы жұқарады екен.

“Бейберекетсіздік көп. Албаты адамға тиіседі. Жыл басынан бері сайман сатып алады жүргізушілердің бәрі. Ақшаңды қайтарып береміз дейді. Бірақ ол ақша қайтпайды. Оның есеп шоттары бәрі менде бар”, – дейді жүргізуші Ербала Құлынбек.

Жаңа басшы келгелі есі шыққан Ербала сияқты 120 жүргізуші бар. Олардың өз қалтасынан ақша шығарып, сайман алудан басқа амалы жоқ. Өйткені, көлік бұзылып қалса, жалақы кесіледі. Қазірдің өзінде 21 машина жүрмей қаңтарылып тұр. Бұл өзара қырқыстың кесірінен көмек күтіп жатқан науқастар өліп кетуі мүмкін дейді шағымданушылар.

әӨткен жолы шақыртуға шыққан жедел жәрдем көлігі сынып, басқасын шақыртуға тура келді. Ал, оған дейін науқастың жағдайы нашарлап кетіпті. Бұл сұмдық қой. Бас дәрігер ол машинаны жөндеуге ақша бермейді. Қарсы шығуға қорқамыз. Ұнамаса жұмыстан «кет» деп айтады”, – дейді Талғат Миннахметов.

Ал, қарамағындағылары қаралаған «103» қызметінің басшысы болса, сүттен ақ, судан таза. Тіпті, көлігі бұзылса жөндеуге ақша сұрап жаман үйренген арызданушылардың өзін кінәлады. Одан қалды бас дәрігер қосалқы станциялар ашып, жүргізушілердің жұмысын әжептәуір жеңілдеткенін айтып мақтанып отыр.

“Егер адам жұмыс істемесе не үшін ақша алуы керек? Бір жерде қашып жүрсе, көлігі сынып жатса. Бұрын мұндайға қарамастан барлығына жалақыдан бөлек қосымша ақы төленетін. Қазір ондайға жол жоқ. Ақша керек пе жұмыс істесін”, – деді Астана қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының бас дәрігері Сапарбек Дүйсенов.

Әділдік іздеген жүргізушілердің өзіне шүйліккен бас дәрігер кейін сәлде болса райынан қайтты. Даудың ушығып кетуінен сескенді ме, құрал-сайманға кеткен ақшаны қайтарып беруге уәде етті. Ал арызданушылар мұнымен тоқтамақ емес. Бірақ, бұл жанжалдың кесірі жедел-жәрдемнің көмегіне зәру науқастарға тиіп отыр.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 20 Сәуір, 2016 08:40
Талқылау