Астанада Әділет департаментінің шенеуніктері 22 миллион теңге парамен ұсталды
Астана қаласында Әділет департаментінің басшысының орынбасары Рауан Рамазанов пен басқарма басшысы Еркін Дәулетбаев 22 миллион теңге пара алған жерінен ұсталды, деп хабарлайды Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Әділет департаментінің шенеуніктері 28 ақпанда тұтқындалған.
Рамазанов пен Дәулетбаев «атқарушылық өндіріс бойынша арестті алып тастағаны» үшін пара алды деп күдіктелуде.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 366-бабына сәйкес (Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен пара алу) іс қозғалды.
Ашық дереккөзден алынған мәлімет бойынша. Рауан Рамазанов Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі болып табылады. Прокуратура органдарына қызмет еткен. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департамент басшысының орынбасары болған. Сондай-ақ, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Ұлттық бюро департаментінің басшысы қызметтерін атқарған.
Оқи отырыңыз:
Адам өлген соң ағзасында орын алатын 13 өзгеріс қандай?
Еліміздің әр өңірінде балаларға арналған тегін спорттық секциялар ашылды
Астана әкімі басын қатерге тігіп балаларды құтқарған құрылысшыларды марапаттады
Тараз түрмесінде аузы тігілген қырғызға қатысты мәліметтер белгілі болды