Астанада 4,5 мың түлек мектеп бітірді
Астана мектептерінің 4,5 мың түлегі мектеп бітіру салтанатына қатысуда. Бұл туралы қалалық білім басқармасы хабарлады.
Сурет business-mangystau.kz
“Астанадағы 94 жалпы білім беретін мектептерде (83 мемлекеттік, 11 жеке) соңғы қоңырау салтанаты аталып өтеді. 2016 жылы 4593 елордалық түлек ұядан қанат қағады”, – делінген хабарламада.
Түлектерді №75 мектеп-гимназиясына ат басын бұратын білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев арнайы құттықтамақ. Сондай-ақ, №60 мектеп-лицейдегі салтанатты шараға қала әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев қатыспақ.
Салтанатты шарадан соң түлектер “Бәйтерек” монументі алдында ұйымдастырылатын концертке қатыспақ.
Талқылау