Астанада 3 жасар баланың басы ойын алаңындағы сырғанаққа қысылып қалған

Астанада құтқарушылар ойын алаңындағы сырғанаққа басы қысылып қалған балаға көмектесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Аталған жайт Сарыарқа ауданы Жеңіс көшесінің бойында орналасқан дәмханалардың бірінде болған.
“Оқиға орнына жедел жеткен жедел-құтқару жасағының мамандары гидравликалық құралдың көмегімен сырғанақ конструкциясының бір бөлігін кесіп, 2023 жылы туған баланы шығарып алды. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен медицина мамандары да болды”, – делінген хабарламада.
Құтқарушылар ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады және төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласуды сұрайды.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан