Астанада 13-халықаралық PR Forum Astana өтті
Астанада International PR Forum Astana атты коммуникацияларды дамытуға арналған конференция өтті. Форум жыл сайын ұйымдастырылып, PR, стратегиялық коммуникация, медиа және GR саласы мамандарының басын қосатын алаңға айналды. Мұнда мемлекеттік коммуникацияның қаншалық тиімді екені және саланың жаңа үрдістері талқыланады. Дәстүр бойынша, форумды Қазақстан пресс-клубының коммуникациялық тобы/PG Communications ұйымдастырды. Ал "PR-шы" клубы мен Қоғаммен байланыс жөніндегі ұлттық ассоциация қолдау көрсетті.
Форумның алғашқы пленарлық отырысы мемлекеттік коммуникациядағы репутация институтына арналды. Оған Үкіметтің баспасөз қызметінің өкілдері, Ұлттық банк мамандары, Қарағанды облысы әкімдігі мен тәуелсіз медиа журналистері қатысты. Қатысушылар мемлекеттік органдардың "бір дауыстан” сөйлей ме, олардың жолдауы қаншалық жүйелі және билік пен БАҚ арасындағы диалог қаншалық тиімді – осы мәселелерді талқылады.
Талқылау барысында мемлекеттік органдар үшін бүгінгі басты міндеттердің бірі – ақпаратты үйлестіріп жеткізу және жағдайға қарай әрекет етуден стратегиялық жоспарлауға көшу екені айтылды. Бұл пікірді PR мамандары мен медиа өкілдері арасында жүргізілген сауалнамаға қатысқан респонденттердің 87%-ы қолдаған. Сонымен бірге жақсартуды қажет ететін негізгі бағыттар да аталды. Олар – ақпараттық "шудың" алдын алу және өңірлердегі, салалық ведомстволардағы коммуникациялық топтарға көбірек дербестік беру.
Биылғы форумда ерекше назар cancel culture (бас тарту мәдениеті) тақырыбына аударылды. Қазақстан қоғамы үшін бұл құбылыс өз құндылықтарын білдірудің бір тәсіліне айналып келеді. Сол себепті ұйымдастырушылар оған арнайы сессия арнады. Спикерлер бұл құбылыстың әлеуметтік және саяси қырларын талқылап, компаниялар мен жеке тұлғаларға қатысты болған ең танымал "бас тарту" оқиғаларын саралады. Сондай-ақ олар бедел дағдарысының алдын алу жолын және "бас тарту мәдениеті" болса, халықтың сенімін қалай қайта қалпына келтіруге болатыны жөнінде нақты кеңестер берді.
Форум бағдарламасы қаржы және әлеуметтік саладағы дағдарыс кезіндегі коммуникацияға арналған сессиямен жалғасты. Сонымен бірге PR-мамандарға мансап бойынша қалай өсу керек екенін және күйзеліске қалай төзімді болу керегін үйрететін шеберлік сағаттар өтті. Іс-шараның соңында фасилитацияланған тәжірибелік сессия өтті. Онда мамандар Қазақстандағы PR саласында кәсіби даярлық пен бірыңғай стандарттарды енгізу мәселесін талқылады. Бұл бағыттағы жұмысты Ұлттық PR қауымдастығы халықаралық тәжірибе мен жергілікті ерекшелікті, сонымен бірге жасанды интеллект құралдарын жылдам енгізу қажеттілігін ескеріп, іске асырады.
"Бүгінде коммуникация саласы көп өзгеріп жатыр. Цифрландыру мен жасанды интеллект құралдарының енгізілуі, беделдің одан әрі маңызды бола түсті, cancel culture сияқты жаңа әлеуметтік құбылыстар – мұның бәрі мамандардан тек кәсіби тұрғыдан икемді ғана емес, ашық диалогқа дайын болуды да талап етеді. Қазіргі жағдайда PR мамандарын сертификаттау – Қазақстандағы коммуникация саласын дамыту үшін дер кезінде қолға алынған әрі қажет қадам. Ақпараттың көбеюі мен бизнестің ашықтығына қойылатын талаптардың артуы PR-менеджер мамандығына көп жауапкершілік жүктеп отыр. Халықаралық стандарттар мен үздік тәжірибелерге сүйенген сертификаттау елде бірыңғай кәсіби және этикалық талаптарды қалыптастырады. Бұл қадам компаниялар мен мемлекеттік органдарға білікті мамандарды оңай тануға көмектеседі, сонымен қатар салаға деген сенімді күшейтеді. Нәтижесінде қоғамдық диалогтың сапасы артып, қазақстандық компаниялардың халықаралық беделі нығаяды", – деді ҚР Ұлттық PR қауымдастығы кеңесінің төрайымы, "PR-шы" клубының теңқұрушысы және Қазақстан Пресс-клубы / PG Communications басшысы Әсел Караулова.
PR Forum Astana биыл да тұрақты бас серіктесі – "Тенгизшевройл" компаниясының қолдауымен өтті. Сонымен қатар форумды "Эйр Астана" әуе компаниясы мен "KAZ Minerals Management" серіктестігі қолдады. Ақпараттық серіктестер қатарында Zakon.kz, Bes.media.kz, Stan.kz, Bizmedia.kz, PRDrive.kz, PR Alliance, PR Room, Baq.kz және Optimizm.kz бар.

2026 жылы жаңа Салық кодексі қабылданғаннан кейін бизнеске не болады?
