Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада бір бөлмелі пәтеріне 1000-ға жуық адам тіркеген үй иесі сотталды

Елордада бір ғана пәтерге мыңға жуық адамды тіркеген адам сотталды. Жалпы ауданы 35,7 шаршы метр болатын бір бөлмелі пәтерде 937 адам тіркелген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Pixabay.com

Пәтер иесіне қатысты заңсыз көші-қонды ұйымдастыру (Қылмыстық кодекстің 394-бабының 1-бөлігі) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Мемлекеттік айыптаушы-прокурор сотталушының заңсыз көші-қонды ұйымдастырудағы кінәсін тұрғын үймен қамтамасыз ету арқылы дәлелдеді. Сот үкімі заңды күшіне енді”, – делінген хабарламада. 



Осы баптың санкциясы 2000 АЕК (2024 жылы 7 384 000 теңгеге дейін) мөлшерінде айыппұл салуды немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарын жүргізуді; алты жүз сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту; мүлкін тәркілей отырып немесе онсыз екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. 

Айта кетейік, бұған дейін Алматы тұрғыны Damumed қосымшасында өзінің есірткіге тәуелділер тізімінде тұрғанын байқап қалғаны туралы жазған едік. 

Талқылау