Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада өзі босанған келіншек баланы біреу тастап кетті деп көмек сұраған

Ақмола облысының тұрғыны құпия түрде бала босанып, оны біреулер үйіне қорапқа салып тастап кетті деп полицейлерге хабарласқан.

8964584

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.

Ақмола облысының ІІБ 19 қаңтар күні Қоянды ауылынан хабарлама келіп түскен.
Қазір жаңадан туылған нәрестені 20 жастағы қыздың өзі босанғаны анықталды. Ол ата-анасынан қорыққандықтан осындай қадамға барған.

Полицейлер аталған іс бойынша тергеуамалдарын жүргізіп жатыр.

Сәбиді Астанадағы ауруханаға жеткізді. Оның алдағы уақытта қайда жіберілетіні әзірге белгісіз.

Талқылау