Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана вокзалында жезөкшелер ордасын құрған “жеңгетай” мен сыбайластары сотталды

Астана вокзалында притон ашып, жезөкшелер ұстаған қылмыскерлер сотталды, деп хабарлайды көліктегі ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Бұл туралы Sputnik хабарлады.

Ведомство мәліметінше, бір топ тұлғамен алдын-ала сыбайласып, жезөкшелер ордасын құрды деген күдікпен Оңтүстік Қазақстан облысының 43 жастағы тумасы 2017 жылы 29 тамызда сағат 14.30-да полицияға ұсталды.

Тексеру барысында көліктік полиция анықтағандай, ұсталған әйел қылмыстық топ құрып басқарыпты, оның құрамына 1977 және 1984 жылдары туған екі әйел мен 1987 жылғы ер адам кірген. Олар 2010-2017 жылдары Астана қаласы теміржол вокзалында притон ұстап, жеңгетайлықпен айналысқан.

Былтырғы жылдың желтоқсан айында №2 Сарыарқа аудандық соты шешімімен қылмыстық топтың ұйымдастырушысы жеті жылға, сыбайластары алты жылға бас бостандығынан айырылды.

Оқи отырыңыз:

Күйеу жігітіне ренжіген бойжеткен пәктігін сатылымға шығарды

Тайваньда студент секс-қуыршаққа тапсырыс бергеннен кейін есінен адасты (фото)

67 жастағы аспаз улы палау пісіріп, өзі сол асқа уланып қайтыс болды

Жаңа жыл түнінде танымал әншінің ұлы қайтыс болды

 

 

 

Талқылау