Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жыл басынан бері жемқорлық туралы хабарлаған азаматтарға 28,9 миллион теңге сыйақы төленген (видео)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жемқорлық дерегі туралы хабарлағаны үшін қазақстандықтандың сыйақы ала алатынын айтады. Мәселен, квазимемлекеттік компаниядағы заң бұзушылық жөнінде ақпарат ұсынғаны үшін Астана тұрғыны 4,4 миллион теңге алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің ресми өкілі Данияр Бигайдаров жыл басынан бері жемқорлық жайлы 20 мыңнан аса хабарландыру түскенін мәлімдеді. Оның ішінде 572 жемқорлық күдігі бар дерек анықталған. 

“Сыйақы беру ережелері 2020 жылы өзгертілген. Сыйақы пара көлемінің 10%-на дейін жетеді, бірақ 4 мың АЕК-тен аспау керек, яғни азаматтар 15 миллион теңгеге дейін сыйақы теңге ала алады. 2024 жылдың 9 айында сыбайлас жемқорлықпен күресте көмек көрсеткені үшін 76 азаматқа 28,9 миллион теңге сыйақы берілді. Оның ішінде 33 мемлекеттік қызметкер алғысхат алды”, – деді Антикор өкілі. 

Антикор дерегіне сәйкес сыйақыны көбіне Қарағанды, Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарының тұрғындары алған. Сондай-ақ Астана тұрғыны пара беруге арандату әрекетін тоқтатуға көмектескені үшін 4,4 миллион теңге көлемінде сыйақы алған екен. 

“Астана тұрғыны пара көлемінің 10%-ы сомасында, яғни 4,4 миллион теңге сыйақы алды. Сонымен қатар полиция қызметкерлеріне пара беруге итермелегені туралы хабарлағаны үшін тағы бір азаматқа 3 миллион еңге сыйақы төленді”, – деді ол

Талқылау