Астана тұрғыны интернет арқылы асабаға тапсырыс беріп, алданып қалды
Фото: Stan.kz/AI Copilot арқылы жасалған
Астанада тағы бір интернет-алаяқтық дерегі тіркелді. Мәліметке сәйкес, қала тұрғыны жарнама арқылы тамадаға тапсырыс беріп, аванс төлеген. Содан кейін ол адам із түссіз жоғалып кеткен. Осылайша тұрғын полицияға шағым түсірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жәбірленуші OLX платформасынан хабарландыру тауып алған. Онда белгісіз ер адам мерекелік шараларды ұйымдастырып, өткізетінін айтқан.
Жеке кездесу барысында тараптар алдағы іс-шараның жай-жапсарын талқылап, алаяқ алдын ала 70 мың теңге төлеуді талап еткен. Ол ақшаны алғаннан кейін байланысын тоқтатып, клиентті бұғаттап тастаған.
Елордалық полиция департаменті алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Олар күдіктінің басқа да осыған ұқсас оқиғаларға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр. Полицейлер азаматтарды, онлайн түрде ақылы қызметке жүгіну кезінде сақ болуға шақырады.
Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте оқушы "Free Fire" ойыны аккаунтын сатып аламын деп алаяққа 2 миллион теңге аударғаны туралы жазғған едік.

Шымкенттік кәсіпкер Айгүл Орынбекті 10 миллион теңгеге алдап кетті деп айыптады: Бұл оқиға немен аяқталды?
