Астана тұрғыны сот залында жәбірленушіні ұрып-соқты
Астана тұрғыны сот залында жәбірленушіні ұрып-соқты, – деп хабарлайды қалалық соттың баспасөз қызметі.
25 қазан күні Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша сот отырысы өтті.
«Сот залынан шыға бере Х.есімді азамат жәбірленуші Б.-ға қасақана жеңіл дене жарақатын келтірді», — делінген хабарламада.
Құқық бұзушы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 73-1-бабы 1-тармағы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. Сондай-ақ, 7 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Оқи отырыңыз:
Энергетика министрлігі Қазақстанда радиоактивті заттар жайылып кетті деген ақпаратты жоққа шығарды
Гарвард пен Оксфорд университеттері қазақтың бүркітші қызын оқуға шақырды
Қазақстандықтардың ашуына тиген ресейлік блогер қылмыстық жазаға тартылады
Талқылау