Астана тұрғынына подъездге тастай салған қоқысы үшін айыппұл салды
Астанада көпқабатты үйдің кіреберісіндегі қоқыс үшін тұрғын 42 420 теңге төлеуге міндеттелді. Бұл туралы Астана қалалық ІІД жергілікті полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлап отыр.
2016 жылдың 21 желтоқсанында Фейсбуктегі “Астана – Что? Где? Когда?” тобында қолданушы: “Кешке үйге қайтып келемін. Сағат 20:30. Және тағы да олар (көршілер) қоқысты есік қасына қоя салған. Есіктерін қақсам ашпайды. Сосын “Өздеріңіздің қоқыстарыңызда адамдар жүретін жерге қоймаңыздар” деп айттым. Ол маған “Сенің шаруаң қанша, таңертең шыққан кезде апарамыз” деп жауап қатты. “Онда үйіңіздің ішіне қойыңыз да, таңертең төгіп тастаңыз. Неге өз қоқысыңызды үй ішінде ұстағыңыз келмейді” деп едім, ол “қайда барсаң онда бар, кімге барып шағым айтсаң да өзің біл” деді”, – деп жазады.
Осыдан соң мәселені анықтаған жергілікті полиция қызметі 1969 жылы туған Астана тұрғынын әкімшілік жауапкершілікке тартып, көпқабатты үйдегі ортақ тәртіпті бұзғаны үшін 20 АЕК (42 420 теңге) айыппұл салған. Сонымен қатар, алдағы уақытта мұндай қателікті жасамау туралы тұрғынмен профилактикалық кеңес өткізілген.
Оқи отырыңыз:
Павлодарда жетімдер кәсіпкер сыйға тартқан пәтерге көшті
Қазақстандық жігіт анасына үй алып беру үшін бишілер шоуынан 3 миллион теңге ұтып алды
ШҚО-да қытайлық азамат 11 жасар бүлдіршінді зорламақ болды
17 жыл құлдықта болған Теміртау тұрғыны құжатын ала алмай жүр