Астана тұрғыны баспанасын бұздырмау үшін Назарбаевтың суреттерін іліп тастады
Астана тұрғыны Несіпгүл Ұябаева баспанасын қорғау үшін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың суреттерін үй айналдыра іліп тастады.
Ұябаеваның пікірінше, президенттің 91 суреті «мемлекет қажеттілігі үшін» сүрілуі тиісті үйін қорғап қалады.
«Мен бұл суреттерді ілген себебім, шенеуіктер құдайдан қорықпайды, президенттен ғана қорқады. Біздің президент халықтың жақсы өмір сүргенін қалайды ғой, бірақ олар біздің өз жерімізді тартып алып, далаға шығарып тастамақшы», – деді Несіпгүл.
Бұл үйде жеті адам тұрады, олардың екеуі кәмелет жасқа толмаған. Үй қожайынының айтуынша, жергілікті билік өтемақы үшін әуелі $400 ұсынған, кейін 4,7 млн теңгеге өскен, бірақ бұл қаражатпен жаңа баспана сатып ала алмайсың.
21 сәуірде Астанада «ЭКCПО» халықаралық көрмесіне дайындық мәселелері талқыланып, сонда президент Назарбаев қазақстандық астана орталығындағы ескі жеке үйлердің әлі тұрғанына ренжіді. Оның пікірінше, мұндай үйлер қаланың көркін бұзып тұр.
Тағы да оқыңыз:
Қоластындағылар мен науқастардан ақша бопсалаған Маңғыстауың бас дәрігері сотталды
Өгей ұлын өлтірген әйелдің қылмысты қалай және не мақсатпен жасағаны анықталды
Алматы облысында бір отбасының үш бірдей баласы суға батып кетті