Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Астана су арнасының" бұрынғы директоры пара ретінде үш бөлмелі пәтер алған

«Астана су арнасының» бұрынғы бас директоры Уәлихан Досаев 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол аса ірі көлемде пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сурет: static.wixstatic.com

Белгілі болғандай, Уәлихан Досаев «Астана су арнасының» бас директоры қызметін атқарған уақытта қоластындағы қызметкері арқылы «Тұрғын үй құрылыс технополисі» ЖШС басшылығынан жылжымайтын мүлікті табыстау туралы қосымша келісімді бекіту үшін «Жас отбасы 2» тұрғын үй кешенінен 3 бөлмелі пәтер және 60 мың доллар түрінде пара алған. 

14 тамызда Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Досаев 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол қауіпсіздігі төмен түзету мекемесінде жазасын өтейтін болады.

Сонымен қатар сотталушы мемлекеттік қызметті атқару құқығынан өмір бойына айырылды. 

Талқылау