Астана стоматологиясында тіс жұлдырған ер адам есінен танып қалды
Астанада ер адам жеке клиникалардың бірінде тісін жұлдырамын деп есінен танып қалады. Дәрігердің заңсыз әрекеті үшін тұрғын клиникадан ірі сома өндіріп алыпты.
Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлайды.
Оқиға 2016 жылы болыпты. Ауруды сездірмейтін дәрінің көмегімен тісті жұлғаннан кейін, стамотолог емделушіден рұқсат сұрамай оған антибиотик еккен.
Үйге келген соң ер адамның денесі аллергия беріп, жүрегі айнып, басы айналып, ақырында есінен танып қалады. Ақырында ер адам ауруханаға түсіп, онда төрт күн жатқан. Кейін зардап шегуші сотқа арыз түсіреді. Нәтижесінде стамотология ер адамға 300 мың теңге төлеуге міндеттелді.
Оқи отырыңыз:
Алматы облысының тұрғыны дәрігер ретінде жеке емхана ашып алған емшіге қараламын деп көз жұмды
Түркістан тұрғыны: Емші бала Ербосынға қаралған соң ағамның жағдайы нашарлап көз жұмды
Дәрігерлер кәсіби қателіктері үшін салық төлейді
Денсаулық министрі: Қазақстандықтар жылына екі рет емхана орнын ауыстыра алады