"Астана" спорт клубының бұрынғы директоры қамауға алынды

"Астана" кәсіби спорт клубының бұрынғы директоры Аманбек Кульчиков қамауға алынды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің екінші бөлімінің бастығы Сергей Перов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Самұрық-Қазына" АҚ-ның спорт пен Қазақстанның имиджін дамытуға бөлінген қаражатты ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде. Тергеу "Астана" кәсіби спорт клубының директоры Аманбек Кульчиковпен Astana Pro Team велокомандасы Лаззат Шамшиева және Astana Motorsport Артур Ардавичус әзірлеген және іске асырған қылмыстық схеманы анықтады.

"2016-2018 жылдары Кульчиков клубтың нақты қажеттіліктерін біле тұра, шығындардан бірнеше есе көп сомаға қаржыландыру өтінімдерін қолды еткен, сондай-ақ Шамшиева мен Ардавичус берген ақшаны мақсатты пайдалану туралы жалған есеп қабылдады", - деді Сергей Перов журналистерге арналған брифингте.

Ол артық бөлінген қаражатты шетелдік компаниялармен мәмілелер жасасу және оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру, үй-жайларды жалға беру және материалдық құндылықтарды сатып алу туралы жалған актілерге қол қою арқылы ұрлаған.

"Мәселен, жыл сайын демеушілер кәсіби жарыстарға қатысу үшін халықаралық стандарттарға сәйкес келетін 200-ден астам брендтік велосипедтерді тегін берген, алайда 2018 жылы Алматыда дөңгелектерді сатумен айналысатын Қазақстандық ЖШС-мен алты велосипед сатып алу туралы жалған келісімшартқа қол қойған. 219 мың еуроға велосипедтер мен олардың бөлшектерін алған. Шын мәнінде, бұл велосипедтер ешқашан жеткізілмеген және ақша ұрланған", - деді Сергей Перов.

Ол тағы бір мысал туралы айтты. Ол отбасы мүшелері мен спортқа қатысы жоқ басқа тұлғалардың ішкі және шетелдік рейстеріне ақы төлеуге бөлінген қаражаттың ысырабы. Бүгінгі таңда анықталған шығын көлемі 2 миллиард теңгеден асады.

"Бүгін Кульчиков пен Шамшиева Нұр-Сұлтан тергеу изоляторына қамалды. Сот оларға қатысты екі айға қамауға алу туралы алдын-алу шарасын санкциялады. Ардавичус халықаралық іздеуде, оның ішінде Интерпол арқылы да іздеуге салынды", - деп толықтырды Перов.

Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Дакар-2012" ралли-рейдінің қола жүлдегері Артур Ардавичус 2 миллиардтан астам теңгені жымқырды деген күдікке ілінгенін айтқан болатын. Ол халықаралық іздеуде.


 

 

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Коронавирус жұқтырғанын естіген дәрігер өзіне қол жұмсады

Қазіргі таңда оның жарының да коронавирус жұқтырғаны анықталыпты

Өскеменде оқшауланған үйдің тұрғындарына алкоголь жеткізуден бас тартылды

Өскемендегі Потанин көшесіндегі карантинге жабылған үйлердің бірінің тұрғындары полицияның қызметіне наразы

"Коронавирус өтірік әңгіме" деп мәлімдеген Нұрлан Еспанов өз сөзін түсіндіріп берді

Әнші: Досым үйіне 5 қан ұн алып қойыпты

Серік Ахметов Гүлшара Әбдіқалықованың орынбасары болды

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Ата-анасы ұл балаға коронавирустың құрметіне есім берді

Ерлі-зайыптылар бұл есімнің өзгеше әрі мықты энергетикаға ие екеніне сенеді

ШҚО-да бөлімшесін өз еркімен тастап кеткен сарбаз ұсталды

Әскери бөлімінің қарапайым әскери қызметкері әскери атыс полигонында қызмет етіп жатқан жерінен өз еркімен кетіп қалған

"Голос країни" шоуында өнер көрсеткен алматылық таксист әділқазыларды тағы да таңғалдырды (видео)

Монатик: Жеңіске жеткізетін орындау болды

Коронавирус кімдерге айтарлықтай қауіп төндіретіні айтылды

Маман барша ана атанайын деп жүрген әйелдерді қорғауға шақырды

Елордада "мейірімді" қылмыскер ұсталды

Қарт әйелді тонады деген күдікпен ер адам ұсталды

Қазақстанда 2020 жылдың жазында ауа райы қандай болады

Синоптиктер осы жылдың жазы мен күзіне арналған ауа райы болжамын ұсынды
Çàãðóçêà...