Астана шенеуніктері автобуспен жүретін болды
Елордалық әкімдік пен қала аудандарының топ-менеджерлері қоғамдық көлікпен жүретін болды. Астана әкімі Әсет Исекешев қол астындағыларға осындай тапсырма берген.
Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.
“Елорда басшылары, қала әкімі мен орынбасарларынан бастап, аудан әкімдері мен орынбасарлары аптасына бірнеше рет, сондай-ақ басқарма, қала ведомстволары мен құрылымдық бөлімшелер басшылары күніне бір рет қоғамдық көлікті пайдалануы тиіс”, — деді Исекешев бейсенбі күні жиналыста.
Маусым айының ортасында ЭКСПО-2017 кезінде көлікпен қамтамасыз ету және қаладағы жол қозғалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша өткен жиналыста Астана әкімі қалалық автобустардың қызмет көрсетуін қатаң бақылауға алуға уәде берген еді.
Оқи отырыңыз:
Білім министрі Мұхтар Тайжанмен пікірсайысқа түсуден бас тартты
Әділбек Жақсыбеков туған күнін таңертеңгілік жүгіруден бастады
Нұрсұлтан Назарбаев демалысқа шықты
Қазақстандық мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы 50 пайызға өсуі мүмкін