Астана "сары" аймаққа жақындады: Нұр-Сұлтанда коронавирустың таралуына байланысты болжам жасалды
Нұр-Сұлтан қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Сархат Бейсенова шілденің аяғы мен тамыз айында коронавирустың таралу қарқыны қалай өзгеретіні туралы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Өздеріңіз білесіздер, Денсаулық сақтау министрлігі ай сайын алдағы 3 айға болжам жасап отырады. Сол болжамдардың дерегіне сүйенсек, сырқаттану көрсеткіші тамыз айының ортасына дейін жалғасады. Тамыздың аяғы мен қыркүйек айының басында қайта бәсеңдейді. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша да осындай болжамды ұстанып отырмыз. Яғни шілдеде сырқаттану қарқыны жоғары болып отыр. Тамыз айының ортасына дейін сырқаттану қарқыны төмендемейді деп топшылап отырмыз", – деді қаланың бас санитар дәрігері.
Сархат Бейсенованың айуынша, қаладағы эпидемиологиялық ахуал "сары" аймаққа жақындап келеді.
"Тәулігіне жаңа жағдайлардың санын тіркеу 586 жағдайға жетті. Эпидемиологиялық жағдайды бағалаудың жаңа матрицасы бойынша, елордамыз "сары" аймаққа жақындап келеді", – деді ол онлайн брифингіде.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
