Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана полициясы айықтырғыштың ішінде қайтыс болған ер адамға қатысты пікір білдірді

Астанада 29 жастағы Николай Кривенконың өліміне байланысты медициналық-әлеуметтік сауықтыру орталығы және полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Бұл туралы қалалық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды. Ақпарат бойынша, 2017 жылдың 15 наурызында сағат түнгі 3:00 кезінде Момышұлы көшесіндегі аулалардың біріндегі көліктердің фарын бейтаныс адамның ұрып сындырып жатқаны туралы хабар келіп түседі. Жол-патрулдік полиция қызметкерлері оқиға орынынан 29 жастағы Николай Кривенконы алып кетіп, оны медициналық-әлеуметтік сауықтыру орталығына мас күйінде жеткізеді.

Бұл факті бойынша Кривенконың әрекетіне қатысты сот алды тергеу ҚР ҚК 293 “Бұзақылық” бабы бойынша басталады. Орталықта Кривенко өзін тым ашулы ұстап, қызметкерлерге физикалық қарсылық көрсеткен. Оны тынышталдыру үшін жол-патрулдік полиция полкінің қызметкерлері физикалық күш қолданып, дене жарақатын салады. Кривенко мекеме ішінде көз жұмған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 362, 106 баптары бойынша іс қозғалып, сараптамалар тағайындалады. Сол күні Кривенкоға қарсы физикалық күш қолданған полиция кіші сержанты ұсталып, қамалады. Сонымен қатар, медициналық сауықтыру орталығының қызметкерлері де тұтқындалған. Енді бұл іс бойынша сот жақын арада нақты шешім шығаруы тиіс.

Видео 18+

 

Жіберіп алмаңыз:

Украинада қазақстандық журналист Жанар Ахмет ұсталды

Депортациядан қорыққан ана екі ұлын суға батырып жіберді

Теміртауда күйеуін пышақтап өлтірген әйел абақтыда асылып қалды

Алдағы күндері қар аралас жаңбыр жауып, аяз болады

Талқылау