Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Astana Motosports-тың бұрынғы спортшысы миллиардты жымқыруына қатысты пікір білдірді

"Дакар-2012" ралли-рейдінің қола жүлдегері Артур Ардавичус Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің оны 800 миллион теңге немесе 2 миллион доллар жымқырды деп таққан айыбына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі уақытта Ардавичус "Дакар-2020" турниріне дайындық үстінде. Ол Андоррада жүр. "Астана" командасының бұрынғы жарусышысы ешқандай ақша жымқыру ісіне қатысы жоқ екенін айтты. Сөзінше, тергеушімен келіссөз жүргізеніне бір ай болды. Турнир біткен соң Қазақстанға келіп, өзінің еш кінәсі жоқ екенін дәлелдемекші. 

"Түсініспеушілік болып жатыр. Бұл тым қомақты сомма, клубта әр нәрсе үшін қатаң есеп беретінбіз. Қандай жағдай болмасын мәселенің ақ-қарасын анықтаймыз. Өз шығындарымды дәлелдеп беремін", - деді Ардавичус.

Жымқыруға қатысты құжаттарды әлі қолына алмағандықтан, бұл сұрақты қозғамайтынын атап өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері 2016-2017 жылы Қазақстан автоспортына деп бөлінген қаражаттың жымқырылуына байланысты тергеу бастаған.

Ардавичусты 800 миллион теңге ұрлады деп айыптауда. Ведомство сырттай спортшыға қатысты "тұтқынға алу туралы" үкім шығарды. 

STAN.KZ
Сенбі, 14 Желтоқсан, 2019 16:25
Талқылау