Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана мен Қарағандыда өткен арнайы операция барысында қылмыстық топтың 28 мүшесі ұсталды

23 тамыз күні Ішкі істер министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірге Астана және Қарағанды қалаларының аумағында қылмыстық топты құрықтау бойынша ауқымды арнайы операция жүргізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

қылмыстық топ

Топ мүшелерінің тау-кен өндіруші компаниялардың бірінің тауарлық-материалдық мүліктерін ұрлауға, есірткі мен атыс қаруын сақтауға, сондай-ақ 2022 жылы қылмыстық текетірес кезінде Қарағанды тұрғынын өлтіруге оқталу фактісіне қатысы бар екені анықталды.

Осы қастандықты жасамақ болған топтың болжамды “киллері” көрші мемлекеттің аумағында ұсталыпты.  –

“70 тінту іс-шарасы өткізілді, соның нәтижесінде 9 қару, 400-ге жуық оқ-дәрі, пышақтар, радиостанциялар, үлкен көлемде ақша және басқа да заттай дәлелдемелер табылып, тәркіленді. Полицияға 28 адам жеткізілді, оның ішінде топтың 12 белсенді мүшесі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық кодекстің бірнеше баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, тиісті сараптамалар тағайындалды”, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.

Талқылау