Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана мен Алатау қаласының мәртебесі арнайы конституциялық заңдармен бекітіледі

Астана мен Алатау қаласының мәртебесі арнайы конституциялық заңдармен бекітіледіФото: Ru.freepik.com/Астана

Қазақстанда Астана мен Алатау үшін ерекше құқықтық режимді бекітетін заң жобалары әзірленді. Екі құжат та инвестиция тартуға және жергілікті мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жаңа Конституция нормаларын іске асыру аясында Астана мен Алатау қаласы үшін ерекше құқықтық режимді айқындайтын заң жобалары әзірленгенін мәлімдеді.

Заң жобалары Алатау мен Астана қалаларын дамытуға бағытталған. Алатауға “жедел дамитын қала” режимі енгізілмек. Сондай-ақ шаһарда озық халықаралық стандарттарды енгізу, пилотсыз көлікті және цифрлық активтерді дамыту жоспарланып отыр. Сондай-ақ инвесторларға қолайлы жағдай жасау үшін арнайы салық режимі қарастырылды.

Ал елорда үшін қала құрылысы, көші-қон және көлік салаларында басқарудың ерекше тетіктері қарастырылған. Екі құжат та инвестиция тартуға және жергілікті мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған.

“Алатау қаласы бойынша заң жобасы арнайы салық режимін қолдануды және инвестицияларды қорғауды көздейді. Астана бойынша біз елорданың тұрақты дамуын қамтамасыз ететін басқару ерекшеліктерін бекітеміз. Алатау бойынша заң жобасының екінші оқылымы Парламентте 27 наурызға жоспарланған, ал елорданың мәртебесі туралы заң жобасы ағымдағы жылдың сәуір айының соңына дейін мәжіліске енгізіледі”, – деді Серік Жұманғарин.

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 18 Наурыз, 2026 11:27