Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана мектептерінде жаппай робототеxника оқытыла бастады

27 қыркүйек күні Бейбітшілік және келісім сарайында алдағы ұстаздар мейрамына арналған салтанатты шара өтті. Астаналық мұғалімдерді қала әкімінің орынбасары Мәлика Бектұрова құттықтады. Осыған орай, Мәлика ханым мектептерде робототехниканың оқытылуын үлкен жетістік деп санайтынын жеткізді.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

“Қымбатты ұстаздар, әкім мен әкімдіктің барлық ұжымы атынан Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Шыны керек, әрбір адамның жүрегінде ұстаздың орны бөлек. Себебі ол 11 жыл бойы бізге білім беріп, тәрбиеге үйретті. Негізі, баршамыз үшін бұл – үлкен мереке. Сіздер Астананың гүлденуіне ғана емес, жалпы Қазақстанның өсіп-өркендеуіне елеулі үлес қосып келесіздер!” – деді Бектұрова.

Қала әкімі орынбасарының айтуынша, бүгінде білім беру саласына бюджет тарапынан бөлінетін қаржының көлемі жыл өткен сайын артып келеді. “Биылдан бастап Астанадағы 70 мектепте робототеxника пәні оқытыла бастады. Келесі жылдың аяғына дейін қаланың барлық мектептері smart-мектептеріне айналады. Мектептерді теxникалық жағынан жабдықтау шаралары да жалғаса береді”, – деп атап көрсетті қала әкімінің орынбасары.


Жіберіп алмаңыз:

Шымкентте бойжеткенді ішінен ұрып құлатқан полицейге қатысты қызметтік тексеріс басталды

Павлодарда жағдайы жоқ студенттер бюджет есебінен оқытылмақ

Алматыда Қытай консулдығынан виза ала алмаған жұрт шу шығарды

Ақтөбелік турфирма мүгедек екенін білген соң, оқушыны ЭКСПО-ға апармай қойған

Талқылау