Астана маңында дөңгелек ауыстырып жатқан екі жігітті көлік қағып кетті
Фото: rosava.com
Ақмола облысында трасса бойында көліктің дөңгелегін ауыстырып жатқан екі жігітті көлік қағып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Nayza Kokshe басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қайғылы оқиға 11 қыркүйек күні түнде Астана – Петропавл республикалық тас жолының 178-шақырымында болды. Екі жас жігіт жол бойында көліктің дөңгелегін жөндеп жатқан.
Сол сәтте өтіп бара жатқан Nissan Almera көлігінің жүргізушісі жол жиегіндегі адамдарды байқамай, қағып кеткен. Салдарынан 21 жастағы жігіт оқиға орнында қаза тапты.
Ал екінші 21 жастағы жігіт түрлі жарақатпен Буландин аудандық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оған ми шайқалуы және жарақат диагнозын қойды.
Аталған факті бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр.
Астанада қоғам белсендісі балалардың көз алдында күшікті қағып кеткен
Еске салайық, бұған дейін Алматыда электрсамокат мінген екі қызды автобус қағып кеткенін жазған едік. Қалалық полицияның мәліметінше, жол апаты 12:30-де Алмалы ауданында болған. 2008 жылы туған қыздар түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді.

"Суды артық пайдаланса, тариф 30% қымбаттайды": Қазақстандықтар су нормасы туралы жаңа ережеге қарсы шықты
