Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еліміздің кейбір аймақтарында ауа райына байланысты оқушылар қашықтан оқиды

Қостанай, Қызылорда және Астанада аяздың кесірінен оқушылар қашықтан оқиды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қостанайлық оқушылар бесінші күн қатарынан онлайн оқуда. Көктайғаққа байланысты сабақтар тоқтатылды, кейін аяздың кесірінен мектептер қашықтан оқуға көшті.

"11 желтоқсанда ауа температурасы -27-ден -30 градусқа дейін болады деп болжануда. Қостанай қаласындағы мектептердің 0-11-сыныптарының 1-ауысым оқушылары онлайн оқу форматына көшірілді", – деп хабарлады Қостанай облыстық білім басқармасы.

Сабақтардың тоқтатылатыны туралы хабарламадан кейін полиция департаменті жол жабылғанын мәлімдеді. 21 бағыт бойынша жүк, дизельдік және қоғамдық көліктерге шектеулер енгізілген.

Сондай-ақ 11 желтоқсанда Астанада бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтықтан оқуға көшеді.

Қызылорда қаласындағы бастауыш сынып оқушылары үшін де сабақтар онлайн өтеді. Бұл қаладағы 56 мектепке және жекеменшік мектептердегі бастауыш сыныптарға қатысты.

Талқылау