Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Astana" командасының шабандозы Италия чемпионатында төртінші орын алды

"Astana Pro Team" шабандозы Мануэле Боаро Италия чемпионатының  жекелей сайысында төртінші орын алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі агенттігі велокоманданың сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Astana Pro Team" шабандозы 38,8 шақырым қашықтықты 47 минут 11,93 секундта жүріп өтті. Ол Италия чемпионы Филиппо Ганнеден 2 минут 12 секундқа қалып қойды.

"Бүгінгі жарысыма көңілім толады. Әрине, жүлделі орынға іліккім келді, сол мақсатқа ұмтылдым, бірақ төртінші орын да жаман нәтиже емес. Бүгін өзімді жақсы сезіндім. Сондықтан, топтық жарыста өзімді жақсы қырынан көрсетуге тырысамын. Бұл жарысқа мықтап кіріскендіктен, жақсы нәтижеге қол жеткіземін деп ойлаймын", - деді Мануэле Боаро.
 

STAN.KZ
Сенбі, 22 Тамыз, 2020 14:25
Талқылау