Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Астана” клубының бұрынғы футболшысы: Шынымды айтсам, Қазақстанда тек ақша үшін ойнадым

Елордалық “Астана” клубының бұрынғы футболшысы Ренан Брессан Қазақстанда тек ақша үшін ойнағынын ашық айтты.

1_5

“”Астанаға” ауысарға дейін маған кипрлік АПОЭЛ клубы ұсыныс жасаған еді. Шынымды айтайын, мен Қазақстанға тек ақша үшін бардым. Ол жақта тек ақша үшін ойнадым. Мен де, менің агентім де (Валерий Исаев -ред) ақша жасап қалуды көздедік. Өйткені, мен “Аланияға” ауысқанда көп ақша жоғалттым. Владикавказда мен жарты жыл айлық алмадым. Егер сол кез қайта оралатын болса, мен ешқашан “Астана” сапын ауыспайтын едім”, – дейді сұхбатында Брессан.

Айта кетейік, Реннан Брессан “Астана” сапына 2014 жылы Ресейдің “Алания” клубынан ауысып келген еді. Бірақ Қазақстанда жартылай қорғаушы жарытып ойнай алмады. Ол ел біріншілігінде бар болғаны 6 кездесуге қатысып, 1 соқты.

2014 жылдың жазында “Астана” бұл футболшыны команда ойыншыларының тізімінен шығарып тастады. Ал 2014 жылдың 29 шілдесінде Брессанмен келісімшартты бұзған еді.

Vesti.kz.

Жіберіп алмаңыз:

Головкин Ресейде мас жүргізушімен болған көше төбелесі туралы айтып берді

Кәсіпқой бокста тұңғыш рет өнер көрсеткен қазақ баласы қарсыласын нокаутпен ұтты

Елбасы Қанат Исламды ЭКСПО кезінде Астанада бокс өткізуге шақырған (видео)

Қанат Ислам бразилиялық боксшыны алғашқы раундта нокаутқа жіберді

Талқылау