"Астана" клубы "Манчестер Юнайтедке" қарсы тарихи ойында жеңіліп қалды
Еуропа Лигасының топтық кезеңінде «Астана» клубы англиялық «Манчестер Юнайтедке» қарсы ойын көрсетті. Ойын 1:0 есебімен англиялықтардың пайдасына аяқталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ойын Манчестердегі «Олд Траффорд» алаңында өтті.
Алаң иелері ойынның негізгі уақытында басымдылық көрсетті. Ойынның 45-минутында «Астана» англиялықтардың добы қақпаға кіруіне жол бермеді.
Алайда екінші кезеңде, 73-минутта Гринвуд Мейсон қақпаға алғашқы голды салды.
Осылайша, қазақстандық және англиялық командалар арасындағы ойын 1:0 есебімен аяқталып, «Манчестер Юнайтед» жеңіске жетті.
Айта кетерлігі, бұл ойын қазақстандықтар үшін тарихи ойын болды. Олар еврокубокта алғаш рет англиялық командаға қарсы ойын көрсетті.
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін