Астана қаласының тұрғыны Әліби Жұмағұловтың үстінен полицияға шағым түсірді
Бойжеткен Әліби Жұмағұловтан көлігінде қалып кеткен ноутбугын ала алмай жүргенін айтқан.
Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.
“28 қыркүйек күні ІІД-ге 26 жастағы Астана тұрғыны Әліби Жұмағұловтың үстінен шағым түсірген. Бойжеткеннің айтуынша, ол Әліби Жұмағұловтың көлігінде ноутбугін қалдырып кеткен. Тергеу жұмыстары кезінде ноутбук иесіне қайтарылып, іс тоқтатылған”, – деп мәлімдеді Астана қаласы ІІД-нің баспасөз жетекшісі София Қылышбекова.
Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылы Әліби Жұмағұловтың әкесі Нұрлан Жұмағұлов баласының оңбай таяқ жегені туралы ақпаратты желіге таратқан-ды. Сөзіне сенсек, 21 сәуір күні оның ұлын белгілі кәсіпкер Қайрат Жамалиев ұрғызған. 23 сәуір күні Жамалиев тұтқындалды. Артынша Анатолий Прибытков және Арман Әбілтаев есімді сыбайластарының болғаны белгілі болды.
2015 жылдың тамыз айында Қайрат Жамалиевке қатысты сот үкімі шығып, ол 13 жылға бас бостандығынан айырылды.