Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Astana Hub акселерациялық бағдарламаның жаңа легіне өтінімдер қабылдауды бастайды

Акселератор — технологиялық стартаптарды дамытудың үш айлық қарқынды бағдарламасы.

Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркі "Аксель 8.0. Перезагрузка" акселерациялық бағдарламасын іске қосты. Акселерация — технологиялық стартаптарды дамытудың 3 айлық қарқынды бағдарламасы. Бағдарламаға қатысу тегін. Қатысу үшін өтінімдер тек Қазақстаннан ғана емес, өзге елдерден де қабылданады.

Жаңа лекте қатысушылар халықаралық сарапшылардан білім беру тренингтері мен салалық мамандардың жеке кеңес беру мүмкіндіктеріне ие болады. Тәлімгерлік бағдарламамен қатар, стартап-жобалардың дамуына ықпал ететін бизнес-періштелер және инвестициялық қорлармен болатын сессиялар қарастырылған.

Білім беру іс-шараларынан басқа, Astana Hub қазақстандық технологиялық стартаптардың белсенді дамуы үшін кәсіби нетворкинг және тегін кеңсе кеңістігін ұсынады, сондай-ақ технопарктің ресми тіркелген қатысушылары үшін ерекше салықтық және визалық режим жағдайы жасалған.

"Бизнестің дамуы жаңа деңгейге көтеріледі. Жобаға қатысу үшін өз алдына өршіл мақсат қойған стартап командаларды іздейміз. Бұл — Қазақстандағы жалғыз акселерациялық бағдарлама, әдетте стартаптың дамуына 1 жыл уақыт жұмсалса, енді 3 айлық оқыту бағдарламада қамтуға болады", - деп хабарлады Андрей Крюков, Astana Hub бағдарламалар Департаментінің менеджері.⠀

Акселерация қатысушыларының бағдарламасы:

- 12 апталық оқыту

- Клиенттік базаны дамыту

- Түсімнің 5-10 есе өсуі

- Стартаптың болашағына арналған егжей-тегжейлі жоспар

- Маркетинг, талдау және сату бойынша ақпарат

- Халықаралық нарыққа шығу

- Жобаны PR-ынталандыру

Бағдарламаға өтінім беру үшін масштабты идея немесе өнім болуы қажет, жоба MVP сатысындағы жоба да қарастырылады. Команда мүшелерінің екіден кем болмайтын негізгі қатысушылары мен негізін қалаушыларының толық қатысуы міндетті (қосымша және параллельді қызметсіз). Өтінімдер 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін қабылданады.

Тіркеу сілтемесі: https://accelerator.astanahub.com

"Акселерация бағдарламасы - стартаптармен жұмыс істеудің ең тиімді құралы, әлемде оның балама идеясы әлі де ойластырылмаған. Бағдарлама қорытындысы бойынша жоба инвестиция тарта алады. Алайда, акселерацияның негізгі мәні инвестицияда емес, стартап командалардың алатын білімі мен жұмыс дағдысында", - деп атап өтті Айвар Құрманов, Astana Hub бағдарламалар департаментінің менеджері.

Бүгінде Astana Hub акселерация бағдарламасынан 171 стартап өткен болатын. Ағымдағы 7-ші лек карантинге байланысты алғаш рет онлайн форматта өткізіліп отыр. Акселерациялық бағдарламасына қатысуға Қазақстан, Израиль, АҚШ, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Украина елдерінен 175 өтінім келіп түсті. 33 стартап-команда іріктеуден өтті. Акселерациялық бағдарламаның қорытындысы бойынша Demo Day ұйымдастырылып, онда үздік стартаптар әлеуетті инвесторлар алдында өз жобаларын таныстырады. Түлектердің басты міндеті - стартаптардың әлеуетті инвесторларды қызықтырып, өз жобасын дамытуға инвестиция тарту

STAN.KZ
Дүйсенбі, 22 Маусым, 2020 14:50
Талқылау