Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана халықаралық әуежайында дабыл жарияланды

Астана халықаралық әуежайында жолаушының қол жүгіне байланысты дабыл жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: nn-airport.kz

Әуежай өкілдерінің мәліметінше, Астанадан Алматыға KS954 рейсімен ұшқалы тұрған 44 жастағы ер адам тіркеу кезінде қол жүгінде қару-жарақ пен есірткі бар екенін айтқан.

“Әуежай қызметкерлері “қауіпті” жолаушы тұрған аймақты дереу қоршауға алып, бұл туралы мемлекеттік қауіпсіздік қызметіне, ұлттық қауіпсіздік комитетіне және терроризмге қарсы орталыққа жедел хабарланды", – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері жолаушының қол жүгін тексеріп, полиция желілік бөліміне тапсырды.

Жолаушы полицияға берген түсініктемесінде барлығын әзіл ретінде айтқанын жеткізген.

Оқиға терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау бабы бойынша 5000 АЕК (17 миллион теңгеден астам) көлемінде айыппұл салуға немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соғады.

Талқылау