"Астана" футболшылары "Ұлытауға" қарсы матчты алаңға шығудан бас тартуы мүмкін
Фото: fcastana.kz
2025 жылдың 15 мамырында елордалық "Астана" клубының футболшылары команданың жаттығуына қатысудан бас тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Meta-ratings.kz Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
БАҚ мәліметінше, ойыншыларға, бапкерлер құрамына және клуб қызметкерлеріне бірнеше айлық жалақы берешегі бар. Осы жағдайға байланысты "Астана" Қазақстан Премьер-лигасының 9-турында Жезқазғанда өтетін "Ұлытау" командасына қарсы ойынды өткізбеуі мүмкін.
Айта кетейік, бұған дейін бас бапкер Григорий Бабаян "Тобылға" қарсы өткен матчтан (1:3) кейінгі баспасөз мәслихатында командада қаржылық қиындықтардың бар екенін айтып, бұл жағдай жоғары нәтижелер көрсетуге кедергі келтіріп жатқанын мәлімдеген болатын.
Алайда клуб директоры Қайсар Бекенов спорт журналисті Нұрсұлтан Құрманның бағдарламасында қаражат бойынша мәселе жақын уақытта шешімін табатынын айтқан еді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

