"Астана" футбол клубының бас бапкері 2 жылға спорттан шеттетілді
24 қазанда Алматыда "Қайрат" пен "Астана" футбол клубтары кездескен болатын. Ойын барысында елордалық футболшылар бірінші таймның аяқталуын күтпестен алаңнан кетіп қалған. Осы себепті Қазақстан футбол федерациясының Бақылау-тәртіптік комитеті "Астана" клубының жаттықтырушысы Андрей Тихоновты спорттан 2 жылға шеттеті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан футбол федерациясының Бақылау-тәртіптік комитетінің отырысы болып өтті. Басқосуда келесідей шешімдер қабылданды:
"Қайрат" - "Астана"
Көрермендерге қарсы дөрекі іс-қимыл арқылы көрінетін орынсыз мінез-құлық көрсеткені үшін Тәртіптік регламенттің 53-бабына сәйкес "Астана" командасының ойыншысы Тигран Барсегян ҚФФ және ПФЛК қолдауымен өтетін барлық жарыстардан бір айға дисквалификацияланады. Шеттету уақыты 2021 жылдың 25 қазанынан бастап есептеледі.
Команданың тәртіпсіз мінез-құлқы үшін "Fair Play" қағидаттарын бұзу, ойыншылардың матчтың ресми өкілінің рұқсатынсыз футбол алаңынан шығып кетуі, қарсыласқа, матчты ұйымдастырушыға, матчтың ресми тұлғаларына, көрермендерге құрметсіздік танытуымен көрінеді. Тәртіптік ереженің 53-бабына сәйкес "Астана" командасының бас бапкері Тихонов А. ҚФФ және ПФЛК қолдауымен өтетін барлық жарыстардан 24 айға шеттетіледі. Дисквалификация уақыты 2021 жылдың 25 қазанынан бастап күшіне енеді.
- Жемқорлыққа қарсы күрес қызметі "Астана" футбол клубында тексеріс бастады
- "Алтын алу үшін келдім": Бибосынов Әлем чемпионатындағы жеңісінен кейін мәлімдеме жасады
"Тараз" - "Ордабасы"
Тәртіптік регламенттің 63-бабының 1-тармағына сәйкес әдепсіз сөздерді ұрандатқан көрермендердің лайықсыз мінез-құлқы үшін "Тараз" футбол клубына 100 АЕК мөлшерінде, яғни 291 700 теңге мөлшерінде айыппұл салынады. "Тараз" ФК айыппұлды 2021 жылдың 27 қарашасына дейін өтеуі қажет.
"Ақсу" - "Оқжетпес"
Тәртіптік регламенттің 63-бабының 1-тармағына сәйкес көрермендер алаңына жаппай кіруде көрсетілген көрермендердің лайықсыз мінез-құлықтары үшін "Ақсу" ФК 100 АЕК 291 700 теңге мөлшерінде айыппұл салынады. "Ақсу" ФК айыппұлды 2021 жылдың 27 қарашасына дейін төлейді.
Айта кетейік, “Қайрат” пен “Астана” арасындағы ойын 1:0 есебімен алматылықтардың пайдасына шешілген болатын.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
