Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Астана" футбол клубы ресми мәлімдеме жасады

"Астана Арена" стадионында Дженнифер Лопестің концертіне байланысты "Астана" футбол клубы ресми мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: fcastana.kz

2025 жылдың 1 тамызында “Астана Арена” стадионында танымал әнші Дженнифер Лопестің концерті өтеді. Әншінің жеке кешін өткізу жайлы идея қазір әлеуметтік желілерде қызу талқылануда. Себебі, сол уақытта елордалық “Астана” футбол клубы ішкі біріншілікте Қызылорданың “Қайсар” командасына қарсы ойнайды. Сондай-ақ команда Еуропаның халықаралық жарысы УЕФА Конференция лигасының іріктеу кезеңінде кездесу өткізетін болады.

Іс-шараны ұйымдастырушылар клубпен байланысып, дайындық және монтаж жұмыстарына алты күн қажет болатынын растады. Сонымен қатар, алғаш рет заманауи қорғаныш жамылғысы орнатылады, ол алаңның (газонның) бетін кез келген сыртқы әсерлерден қорғайды.

“Клуб басшылығы УЕФА және қарсылас командамен 24 шілдеде өтетін Конференция Лигасының екінші іріктеу кезеңінің үйдегі матчына қатысты келіссөздер жүргізеді. Бұл бізге Еурокубок ойынын "Астана Аренада" лайықты деңгейде ұйымдастыруға және әлемдік деңгейдегі концертті елордада өткізуге мүмкіндік береді.

Реконструкциядан кейін "Астана Арена" қазіргі заманғы көпфункционалды аренаға айналды, ол жоғары еуропалық стандарттарға сай келеді. Енді стадионымызда тек спорттық емес, ауқымды ойын-сауық концерттерін де өткізуге болады. Бұл ретте алаң сапасы бұрынғыдай жоғары деңгейде сақталады. Мұндай іс-шаралар клубымыздың басты мақсаттарына – елордамыздың халықаралық деңгейде танымал болуына және танымалдылығын арттыруға толық сәйкес келеді. Сондықтан, 1 тамызда Астанада өтетін Дженнифер Лопестің концертіне байланысты клуб тарапынан ешқандай қарсылық жоқ,” – деді “Астана” футбол клубының баспасөз хатшысы.

Талқылау