Астана әуежайы туралы қалжыңдаған Нұрпейісов жұртты күлкіге қарық қылды (видео)
Астана әуежайының аты өзгерді деген ақпарат тарағалы ел бұл тақырыпты қызу талқыға салып, шуласып жатыр. Бұл ретте танымал актер Әнуар Нұрпейісов те үнсіз қалмады. Ол әуежай туралы қалжыңдап, желідегі оқырмандарын қыран-топан қылды.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
“Бүгін Астана әуежайы атауының өзгергенін естідім. Меніңше, жақында бәріміздің атымызды ауыстырады”, – деген Нұрпейісов желідегі оқырмандарын қыран-топан қылды.
Желідегілер Нұрпейісовтың қалжыңына қалжыңмен жауап беріп жатыр.
“Сіздің жолыңыз болған, тым болмағанда тегіңізді ауыстырмайсыз”, “НұрАнуар Нұрпейісов”, “Жақында Нұрграмм деген қосымша пайда болады”, “Бүгінгі күннің посты”, – деп жазды желі оқырмандары.
Жіберіп алмаңыз:
Нұртас Адамбай Лондонда басынан өткен оқиғасын айтып, жұртты күлдірді
ЭКСПО қонағымен құшақтасқан Мәдина Сәдуақасова жұрттан ұрыс естіді (видео)
Актриса Бибігүл Сүйіншалина желіге жартылай жалаңаш суреттерін жүктеді (фото)
“Ninety one” тобының директоры Жан Ахмадиевті сотқа беретінін мәлімдеді
Талқылау