Астана әуежайы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен аталатын болды
Астана халықаралық әуежайы елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен аталатын болды. ҚР Үкіметінің тиісті Қаулысы бүгін ресми БАҚ-та жарияланды.
Елордалық әуежайға “Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы” атауы берілді.
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Астана халықаралық әуежайы «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» болып қайта аталсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі”, -делінген құжатта.
Бұл қаулы алғашқы ресми жарияланымынан бастап күшіне енеді.
Ал жақында салынған жаңа вокзалға “Нұрлы жол” атауы берілген. Қазақстанда бірқатар нысан мен көше Қазақстанның тұңғыш президенті құрметіне аталған.
Тағы да оқыңыз:
Әлия Назарбаева Нью-Йорк Евразия кинофестивалінде жүлдеге ие болды
Назарбаев мектепті бітірген жылы күзетші болып жұмыс істеген
Ресми сапармен келген Финляндия президенті Астананы роликпен аралады