Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана әуежайында жолаушылардың жүгін тасымалдаушылар заттарды ұрлап келген

Астана әуежайында жолаушылардың багажынан заттар ұрлаған топ ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сурет құқық қорғаушылардан

Тәртіп сақшыларының айтуынша, соңғы уақытта елорданың әуе айлағында жолаушылардың қолма-қол ақшасы, алтын бұйымдары мен басқа да құнды заттары жиі жоғалған. Одан бөлек, чемодандарды рұқсатсыз ашу оқиғалары да жиілеп кеткен.

"Мысалы, 2023 жылдың тамызында Астана-Стамбул рейсінің жолаушысы ұшып келе жатып чемоданынан 19 мың АҚШ долларын жоғалтқаны анықталды. Осыған ұқсас арыз Астанада Дубай рейсінде жолаушыдан багаждан 7800 доллар ұрланғаны туралы хабарланған", - делінген хабарламада.

Әуежайда жүк тиеуші болып жұмыс істеген алты адам қылмыс жасады деген күдікке ілініп, ұсталды.

"Ұсталғандар мойындады, ақшаның бір бөлігі тәркіленіп, иелеріне қайтарылды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде, күдіктілердің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде", - деп толықтырды құқық қорғау органдары.

Талқылау