Астана атауы қайтарылды: Елорда күні өзгере ме?
Астанаға бұрынғы атауының қайтарылуына орай, қала күні мерекесі ауыса ма деген сұрақ көпті мазалады. Бұл сауалға Әділет министрлігінде жауап берді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
16 қыркүйекте Парламент депутаттары елорданың бұрынғы атауы – Астана атауын қайтаратын Конституцияға өзгертулер енгізуді екі оқылымда қолдады. Құжат Мемлекет басшысына қол қоюға жіберілді.
Әділет министрлігінде Конституцияға өзгерістер енгізілуіне қарамастан, елорда тұрғындары қала күнін 6 шілдеде атап өтетінін мәлімдеді.
"Елорда күнін ауыстыру мәселесі бойынша ешқандай әңгіме болып жатқан жоқ. "Мерекелер туралы" заң бойынша Елорда күні 6 шілдеде тойланады", - деп хабарлады ҚР Әділет министрлігінде.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн