"Астана" "Ақжайықты" ойсырата жеңді
"Астана" "Ақжайық" командасын 4:0 есебімен жеңіп, екінші орынға орналасты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бірінші таймда бұрыштама добынан кейін Денис Поляков есеп ашты. Ал "Ақжайық" командасының жартылай қорғаушысы Сабиньо екі рет сары карта алып, алаңнан қуылды.
Үзілістен кейін Педро Эуженио екі минутта екі гол соғып ерекшеленді. Қосымша уақытта Марин Томасов гол соғып, есеп 4:0 болды.
Бұған дейін "Тобыл" қонақта "Қайратты", ал "Ақтөбе" "Қызыл-Жар" командасын жеңген.
"Ақтөбе" кестеде 38 ұпаймен көш бастап тұр, екінші орында "Астана" (34), үшінші орында "Тобыл" (32) орналасты.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді