Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қала көшелерін тағы да су басқаны үшін кешірім сұрады

Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек қала көшелерін тағы да су басқаны үшін астаналықтардан кешірім сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Астанада 24 тамыз жауған жаңбырдан көшелерді су басып, үлкен көлік кептелісіне себеп болған. Кейбір автобустардың ішіне су кіріп, жолаушылар, орындықтарға шығып, судан қорғаныпты. 

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қазіргі жағдайға байланысты өзі де алаңдаулы екенін айтты.

"Жыл бойы бірнеше рет жауын жауады. Мұндай жағдайлар шынымен де болып тұрады. Мен өзім ыңғайсызданып жүрмін, қолайсыздықтар үшін тұрғындардан кешірім сұраймын. Біз мұны егжей-тегжейлі тексеріп, жұмыс жүргізіп жатырмыз. Қазіргі таңда проблеманы шешу үшін жұмыс істеудеміз", – деді ол.

Әкім Астанада шынымен де проблемалы аймақтар бар екенін, бірақ жауын-шашын мөлшері 40 миллиметрден астам болғанын, ал айлық норма 32 миллиметрді құрайтынын мойындады.

"Қаланың жаңа бөлігінде жарты сағат бойы жаңбыр жауды. Расында да, проблемалық аймақтар бар. Ешкім жоққа шығармайды. Осыдан бес жыл бұрын мұндай учаскелер саны 200-ден астам болған. Қазір – 30. Тұран ауданынан Ұлы Далаға қарай су басты. Биылғы жылы жұмыс жүргізіледі. Бірақ, осы күзде бұл учаскелердің барлығындағы мәселені шешеміз деп кепілдік бере алмаймын", – деді ол.

Талқылау