Астана әкімі өрттен зардап шеккен элиталы тұрғын үйдің қазіргі жағдайын көрсетіп фотосын бөлісті
Астанада элиталық "Rixos Khan Shatyr Residences" ғимаратының өрттен кейінгі суреттері жарияланды. Елорда әкімі пәтерлердің қазіргі жағдайын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Астана әкімдігі
22 маусымдағы өрттен зардап шеккен "Rixos Khan Shatyr Residences" ғимаратының суреттерін елорда әкімі Жеңіс Қасымбек жариялады.
Фотосуреттерде тұрғын үй кешенінің қаптамасы қатты зардап шеккенін көруге болады. Өзге де суреттерден пәтерлердің қандай жағдайда екені көсетілген.

Фото Астана әкімінен
"Қазір сарапшылар техникалық қорытынды береді, содан кейін қасбетті қалпына келтіруге және зардап шеккен пәтерлерді жөндеуге кірісеміз. Өрттің себебін қаламыздың Төтенше жағдайлар департаменті анықтайды", – деп түсіндірді елорда басшысы.

Еске салсақ, Астанада "Хан Шатыр" сауда орталығының маңында тұрғын үйден өрт шығып, 8 адам эвокуацияланған еді.
"Қырғызстан өзі алға шығу үшін осылай жасады": Сарапшылар көшпенділер ойыны нәтижесіне қатысты пікір білдірді
Қырғызстан тарапы медаль есебін басқаша жүргізген
Қазақстандықтар 3600 орындық елордалық стадион мен "Бішкек Аренаның" қаражатын салыстырды
Стадион құрылысының құны – ҚҚС-ты қоса есептегенде 16,7 миллиард теңге