Астана әкімі өрт кезінде көпқабатты үйдің терезесінен кіріп қызды құтқарған ер адамға екі миллион теңге табыстады
Астана әкімі өртеніп жатқан пәтердің терезесінен ішке кіріп, 15 жасар қызды құтқарып қалған ер адамды марапаттап, екі миллион теңгенің сертификатын табыстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото Астана қаласының әкімдігінен
Жеңіс Қасымбек Алтынбек Алтаевпен және оның ұлымен кездескені туралы желіде бөлісті.
“Алтынбектің айтуынша, қызыл жалынға оранған пәтерді көргеннен кейін балконнан өртеніп жатқан терезеге еш ойланбастан секіріп кірген. Оның осындай жауапты сәтте үрейге бой алдырмай, қауіпке бел буғаны таң қалдырады әрі бұл әрекеті құрметке лайық! Тұрғындарымыздың қысылтаяң сәтте шет қалмай, көмекке ұмтылатынын мақтан тұтамыз!”, – деді әкім жазбасында.
Еске салсақ, Астанада ер адам өртеніп жатқан көпқабатты пәтердің терезесінен ішке кіріп, 15 жасар қызды құтқарып қалған еді.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан