Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана әкімдігінің басқарма басшысы ұсталды

Астананың отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі растады.

"Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының қылмыстық әрекетінің жолын кесті. Сот санкциясымен күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", – делінген Антикор мәлімдемесінде.

Елордалық соттың баспасөз қызметі 2023 жылдың 11 қарашасында Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдіктінің үстінен екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялағанын хабарлады.

Талқылау