Астана әкімдігі көпбалалы отбасыларға жер телімдерін бөлу туралы қауесетке түсініктеме берді
Астана әкімдігі Әсет Исекешев көпбалалы отбасыларға азқабатты тұрғын үй салу үшін жер телімдерін бөліп береді деген әлеуметтік желілердегі ақпаратты жоққа шығарды.
Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Аталған ұсыныс азаматтарды қабылдау кезінде елордалық билік өкілдеріне айтылды. Сондай-ақ қазіргі уақытта мемлекеттік органдар бұл ұсыныспен танысып, зерттеп жатыр», – деп түсіндірді әкімнің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева.
Елорда әкімдігі халықты орталық мемлекеттік органдардың ресми дереккөздерінен жарияланған ақпаратқа ғана сүйенуге шақырды.
Айта кетейік, көпбалалы отбасыларға тұрғын үйге кезекте тұрудың екі тәсілі бар. Оның біріншісі, құжаттарды жергілікті атқарушы органға (әкімдік жанындағы тұрғын үй қатынастары департаментіне немесе тұрғын үй басқармасына) ұсыну болса, екіншісі электрондық үкімет порталы арқылы өткізу.
Қала билігі азаматтарға әлеуметтік желілердегі осындай хабарламаларға мұқият қарауға, сондай-ақ «жалған» ақпарат тараған жағдайда қала әкімшілігіне немесе құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырды.
Тағы оқыңыз:
Алдап тұрсыз: Қарағанды дәрігерлері ұлының емі үшін көмек сұраған ананың өзін кінәлады
18 жасында алғашқы миллионын тапқан қазақ жігіті туралы не білеміз
Шығыс Қазақстанда жол бойында жүрген аюдың видеосы тарады
Ақтауда 37 жыл бұрын жерленген марқұмның орнына жақында қайтыс болған адамды көмген