Астана - Щучинск тас жолы жабылды
Жаңбыр, қар және көктайғақ салдарынан Астана-Петропавл тас жолының бір бөлігі көліктің барлық түрі үшін жабылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазір Астанадан Щучинскке дейінгі жол жабық.
"ҚазАвтоЖол" бұл аумақта бұрын жаңбыр жауып, кейін күрт қар жауа бастағанын, қазір ауа температурасы -3°C, көктайғақ болып, кей жерлерде көру мүмкіндігі шектелгенін хабарлады.
Қазгидрометтің болжамы бойынша, 15 сәуірде Астана мен Ақмола облысында қар жауып, жел күшейеді.
13 сәуірде еліміздің басым бөлігінде ауа райының қолайсыздығына байланысты "ҚазАвтоЖол" бөлімшелері күшейтілген тәуліктік жұмыс режиміне көшірілген болатын.
Жолда қиын жағдайға тап болған жүргізушілер 1403 қысқа нөміріне тәулік бойы хабарласып, көмек сұрай алады.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”