Аспанда пайда болған белгісіз дене тұрғындарды шошытты (видео)
Белгісіз аспан денесі Франция тұрғындары мен ғалымдардың түсінбестігін тудырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости порталына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, оқиға сейсенбі күні кешке болған. Түнгі аспанда кенеттен қызғылт сары түсті цилиндр тәрізді нысан пайда болып, жарқырай бастаған. Біраз уақыттан кейін ол жоғалып кетеді.
Жұмбақ құбылысты Жерорта теңізі жағалауында орналасқан Францияның бірнеше қалаларының тұрғындары байқаған.
"Көзбен көргендер аспан денесінің әуеде айналып жүргенін айтады. Түсініксіз дененің жылдамдығы оның шар, ұшақ немесе спутник емес екенін дәлелдеп отыр", - деп жазады басылым.
Сарапшылар аспан денесінің жылдамдығына байланысты өз таңданыстарын жасырмады.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн