Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асхат Тарғын: Тұңғышым-Айым бауырын жақсы көріп, оған қамқорлық көрсетеді деп сенемін

Асхат Тарғын əке болды. Бүгін ғаламторда “чип-чип” атанып кеткен əншіні барлық əріптестері құттықтауда. Ал, Асекең алғаш болып stan.kz тілшісінен сүйінші сұрап, экслюзив сұхбат берді.

-Асеке, кішкентайыңыздың бауы берік болсын!

– Рахмет. Айтқаныңыз келсін. Бүгін таңғы 7:00де Алланың қалауымен ұлды болдым. Салмағы: 2 келі 785 грамм. Бойы: 51 сантиметр.

– Өзіңіз өмірлік жарыңыздың жанына серіктес болып кірмедіңіз бе?

– Жоооқ. Ол менің түсінігіме жат дүние. Түнгі 00:00 де жарымды перзентханаға апарып тастап, өзім үйде тілеуін тіледім.  Адамнан адам шығу оңай емес екені белгілі ғой. Босанғанға дейін жаным тынышталмады. Əр екі сағат сайын дəрігерге қоңырау соғып, хал-жағдайын біліп тұруға тырыстым. Бірақ, сағат таңғы 7:00-ге жақын хабарлассам əйелім де, дəрігері де телефонды алмайды. Ұзақ уақыт жауап бермегесін шыдай алмай перзентханаға бардым. Есіктен кірген кезде гинеколог -дəрігер хабарласып “ұлды болдыңыз” деп құттықтап, сүйінші сұрады.

– Сіздің танымалдылығыңыз ақ халатты абзал жандардың жауапкершілігінің жоғары болуына себепші болған шығар?

– Ол жағын білмедім. Бірақ, мен қайта – қайта хабарласып отырған дəрігер ол өзіміздің тұрғылықты жердің ауруханасында гинеколог болып қызмет ететін кісі. Əйелімді тоғыз ай бойы тексеріп жүріп, соңында қасына серіктес болып кіріп, қолынан келгенше көмектесті.

– Кіндік əке-шеше тағайындайсыздар ма?

– Иə, ол кісілерді таңдап та үлгердім. Өзімнің жерлесім, бауырым, Алматыға келгенде  бір үйімдей болып, үнемі күліп қарсы алып, қамқор болған “Тамашаның” экс-актері Бауыржан мен оның жары, Өмірқұл Айниязовтың туған қарындасын таңдадық.

– Өзіңізге ұл сыйлаған жарыңызға қандай сыйлық жасамақсыз?

– Бұған дейін өмірлік серігіме көлік сыйлаған едім. Енді перзентханадан шыққасын өзінің қалауын алады ғой. Жалпы, əйелге ері сəби сыйлағанда ғана сыйлық жасамау керек. Үнемі сыйлық жасап, көңіл бөлу керек деп ойлаймын.

– Үлкен қызыңыз бұл жаңалықты қалай қабылдады?

– Қызым əйелімнің жүкті екенін біледі ғой. Бүгін сүйінші жаңалықты алғаш болып естігендердің бірі қызым болды. “Сенің інің өмірге келді. Енді жалғыз емес, бауырың бар” деп қызымды құттықтап, жаңалықты жеткіздім. Қызым есейіп қалды. Бұл қуанышты жақсы қабылдады деп сенемін. Жəне бауырын жақсы көріп, қамқор болып өседі деп үміттенемін.

– Ұлыңызға қандай есім қоясыз?

– Əзірге білмеймін. Ауылдағы ата-анаммен ақылдасудамыз. Алла қаласа, əдемі, мағынасы терең есім таңдаймыз деп сенемін.

– Асхат, тағы да қуанышыңыз құтты болсын. Үлкен азамат болсын. Сүйінші жаңалықпен бөлісіп, сұхбаттасқаныңызға рахмет.

Оқи отырыңыз:

Димаш Құдайбергеннің әжесіне арнаған тілегі көптің жүрегін елжіретті

Қазақтың көрнекті ақыны Мұзафар Әлімбаев өмірден озды

Жұрт алдына бояусыз шыққан Алла Пугачеваны көпшілік танымай қалды (фото)

Асхат Тарғын екінші рет әке атанды

Ақбота Сейітмағамбет: Дәурен хиджап киіп, үйде отырғанымды қалады

Талқылау